Іскерлік әкімшілендіру бакалавры
Басты бет → Бағдарламалар → Іскерлік әкімшілендіру бакалавры

Іскерлік әкімшілендіру бакалавр дәрежесі қазіргі динамикалық іскерлік ортада қажетті ауыспалы дағдыларды дамытуға арналған. Біздің бағдарлама бизнес қағидаларында, басқару стратегияларында және көшбасшылық әдістемелерінде жан-жақты негізді ұсынады. Сіз өзіңіздің бизнесіңізді ашқыңыз келсе, корпоративтік баспалдақпен көтерілгіңіз келсе әлде маркетинг, қаржы немесе кәсіпкерлік сияқты белгілі бір салада мамандандылығыңызды арттырғыңыз келсе, біздің бағдарлама сізге кез-келген салада өркендеу үшін білім мен тәжірибе береді.


Пікірлес адамдардың белсенді қоғамдастығына қосылыңыз және іскерлік әкімшілендіру саласындағы бакалавры дәрежесін алу арқылы кәсіби мақсаттарыңызға жетіңіз.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
Алдын ала визаны рәсімдеуді талап ететін елдерден келген халықаралық азаматтары үшін: 
Қазақстанға келу кезінде визаны рәсімдеуге болатын елдерден келген халықаралық азаматтары үшін:
Тіркеу кезеңдері
2026 жылғы қазан - 2027 жылғы тамыз
2026 жылғы қазан - 2027 жылғы маусым (14:00, Астана уақыты)
2026 жылғы қазан - 2027 жылғы тамыз (14:00, Астана уақыты)
Өтінім беру құны
10 000 теңге
10 000 теңге
10 000 теңге

2027–2028 оқу жылына арналған өтінімдерді қабылдау жақын арада басталатынын қуана хабарлаймыз. Өтінім қабылдау мерзімдері туралы ақпарат жақын арада жарияланады.

Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасы 3 есеге артады (30 000 тенге). Өтінім берудің нәтижесіне немесе төлем қателеріне қарамастан, тіркелу жарнасы қайтарылмайды.

Қабылдау талаптары
Бағдарламаға түсуге қойылатын талаптар:

  1. IELTS/TOEFL: IELTS 6.0* (Writing бойынша 6.0, Reading, Listening және Speaking бойынша 5.5) немесе TOEFL iBT бойынша баламалы нәтиже
  2. Қабылдау талаптары (төмендегі нәтижелердің бірін ұсыну қажет):
  • NUET: 240 балдың ішінен 120 балл
әр пән бойынша кемінде 50 балл: Mathematics / Critical Thinking and Problem Solving
  • SAT/ACT: Digital SAT — 1240 немесе ACT — 26
  • Халықаралық немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері:
Республикалық олимпиада: алдыңғы оқу жылында алынған алтын немесе күміс медаль
Халықаралық олимпиада: соңғы екі жыл ішінде алынған алтын, күміс немесе қола медаль
  • IB Diploma немесе баламалы бағдарлама нәтижелері: жалпы 27 балл және үш HL пәні бойынша 4, 4, 4-тен төмен емес бағалар
  • A Level / NIS Grade 12 туралы куәлік немесе баламасы: пәндердің кез келгені бойынша BBB-ден төмен емес нәтиже
  • GPA немесе баламасы: 5.0-ден 4.0
  • Ағылшын тілінде тапсырылған ҰБТ: жалпы нәтиже: 85
математикалық сауаттылық: 10-нан 8
оқу сауаттылығы: 10-нан 8

* Жалпы нәтижесі 5.5 болатын IELTS (барлық бөлімдер бойынша 5.5-тен жоғары нәтиже болған жағдайда) шартты түрде қабылдау үшін қарастырылуы мүмкін.
Суперскоринг IELTS/TOEFL және SAT/ACT нәтижелеріне қолданылмайды.
IELTS/TOEFL және SAT/ACT емтихандары тестілеу орталығында офлайн форматта тапсырылуы тиіс.
Барлық сертификаттар 2027 жылғы 1 тамызға, яғни тиісті оқу жылының басталуына дейін жарамды болуы тиіс.
Бізбен байланысу үшін:
Таласбаева Ардак
Қабылдау жөніндегі менеджер
+7 (7172) 70 66 83
ardak.talasbayeva@nu.edu.kz
NU Байланыс орталығы
+7 (7172) 64 25 84