NUGSB мақсаттары өзара байланысты үш негізгі бағыттан тұрады: оқыту, зерттеу және қоғамға қызмет ету. Қазақстан мен өңірдің менеджерлері, кәсіпкерлері мен көшбасшыларының жаңа буынын оқытып-даярлау үшін мектеп озық зерттеулерді өз миссиясының негізіне қояды. Менеджмент, қаржы және экономика салаларында әлемдік деңгейдегі зерттеулер жүргізе отырып, біздің оқытушыларымыз жаһандық білімді жергілікті жағдайға бейімдейді. Зерттеуге негізделген оқыту икемді әрі жаңа идеяларға ашық болашақ мамандарды даярлау арқылы да қоғамға қызмет етеді. Осы мақсатта біз зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын профессорлық-оқытушылық құрамды тартуға және жақсы идеялар елеулі ғылыми нәтижелерге айналатын мәдениетті қалыптастыруға ұмтыламыз. Даму кезеңінде NUGSB-нің басты назары үш негізгі бағытқа аударылады: кәсіпкерлік, дамушы нарықтар және қаржы нарықтары.
Венкат Суббан Субраманиан
Ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі вице-декан